Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары

Ескерту. 16-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қордың даму жоспары Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, он жылға әзірленеді. 

2. Даму жоспарын іске асыру мақсатында Қордың бес жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қордың іс-шаралар жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен оның мазмұнына қойылатын ең төменгі талаптардың негізінде Қордың директорлар кеңесі айқындайды. Компаниялар өз қызметінің саласы шегінде Қордың даму жоспарын әзірлеуге тартылады. 

3. Компанияларда Қордың даму жоспары негізінде компаниялардың он жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді. Компанияның даму жоспарын оның директорлар кеңесі бекітеді. 

Компаниялардың директорлар кеңестері өздерінің даму жоспарларын іске асыру мақсатында бес жыл мерзімге әзірленетін іс-шаралар жоспарларын бекітеді. 

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться