Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ұлттық әл-ауқат қоры туралы

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
20-бап. Ақшаны басқару



Ст. 20 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV



1. Қордың және барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқару жөніндегі Қордың директорлар кеңесі бекітетін бірыңғай саясатты Қор іске асырады.

2. Қордың тобына кіретін ұйымдар өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың тобына кіретін ұйымдарға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге құқылы.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кредиттерді (қарыздарды) беру тәртібі мен шарттары Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі кредит саясатында айқындалады.

4. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қордың директорлар кеңесі бекітетін, қайырымдылық көмек көрсету мөлшерінің лимиті көзделетін қайырымдылық бағдарламасына сәйкес қайырымдылық көмек көрсете алады.

 Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV