Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
24-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдарды басқару

1. Қордың тобында ішкі аудиттің бірыңғай орталықтандырылған қызметтері, сондай-ақ Қорға және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қызметті жүзеге асыратын Қордың орталықтандырылған қауіпсіздік қызметі құрылуы мүмкін. Ішкі аудиттің орталықтандырылған қызметін, орталықтандырылған қауіпсіздік қызметін құру туралы шешімді Қор басқармасы қабылдауы мүмкін. 

2. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне кіретін мәселелер осындай компанияның директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай: 

1) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту; 

2) ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 

3) директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 

4) директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау; 

5) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою мәселелері қосылмайды. 

3. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кіретін мәселелер көрсетілген компанияның атқарушы органының құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай: 

1) қызметтің басым бағыттарын айқындау; 

2) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жарияланған акциялар шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау; 

3) қоғамның орналастырылған акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау; 

4) атқарушы органның сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 

5) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық жалақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы мен сыйлықақы төлеудің шарттарын айқындау; 

6) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен шарттарын айқындау; 

7) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін және оған сыйақы беру шарттарын айқындау мәселелері қосылмайды. 

4. Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан аз болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компания басқармасы қабылдайды. 

Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің бір және одан аз пайызы болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасуы туралы мәселе дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жарғысымен ұлттық компанияның атқарушы органы басшысының құзыретіне жатқызылуы мүмкін. 

5. Осы Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 23 24 24‑1 25 26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться