Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-1 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі

1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.

2. Кредиторлардың:

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезге қолданыста болатын, "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;

2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.

Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен, таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға жүгінген жағдайда, Қор кепілдік төлемді осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

3. Қор уақытша әкімшіліктен сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдердің үздіксіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.

Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.

Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.

4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.

5. Кредиторларға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кепілдік төлемді тікелей Қор жүзеге асырады немесе банк-агент арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады.

Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату қомиссиясына немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды.

7. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қор кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында, қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда және Қордың интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Ескерту. 15-тарау 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 15‑1 16 17 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться