Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
3-2-бап. Санкциялар



Ст. 3-2 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423




Уәкілетті орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді мынадай негіздердің бірі бойынша кері қайтарып алумен бір мезгілде қолданады: 

1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2) Қор активтерін инвестициялау тәртібі мен мөлшерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзу; 

3) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 

4) уәкілетті органға қатарынан екі күнтізбелік ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептілікті (қаржы есептілігін қоса алғанда) табыс етпеу; 

5) бухгалтерлік есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиісті дәрежеде көрсетпеуіне, сондай-ақ есептің өзге де міндетті нысандарын жүргізуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) анықтау; 

6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген дұрыс емес мәліметтер мен есептіліктің табыс етілуін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) белгілеу; 

7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгілі болған фактілері туралы уәкілетті органды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) хабардар етпеу; 

8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария ету немесе беру; 

9) Қордың жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебінде көрсетілген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймауы. 

Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...3 3-1 3-2 4 4-1 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-2-бап Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423