Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары



Ст. 5 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423



1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. 

Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың акционері болып табылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары да Қордың акционерлері бола алады. Қор акцияларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде елу пайызын плюс бір акцияны құрауға тиіс. 

Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 

3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционерінің акциялар саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс. 

4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...4 4-1 5 6 7 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423