Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
11-бап. Қосылу шарты



Ст. 11 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169



1. Банктiң қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысуының мiндеттi шарты болып табылады.

2. Қосылу шартында:

1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;

2) шарттың нысанасы туралы нұсқау;

3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

4) жарналарды төлеу тәртiбi;

5) қатысушы банктiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындау үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсыну тәртiбi;

6) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда қатысушы банктердiң кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi;

7) шартты тоқтату талаптары;

8) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктiң банктегi есеп шотынан толық немесе iшiнара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерiн орындамағаны үшiн тұрақсыздық төлемін акцептсіз тәртiппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшiн жауаптылығы туралы талаптар болуға тиiс.

3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169