Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары



Ст. 19 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169



1. Депозитор осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен кепiлдiк берiлген депозит бойынша кепiлдiк берiлген өтем алуға құқылы.

2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Депозитор бiрнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi әрбiр қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейдi.

4. Кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтем төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтемдi есептеу үшiн валюта айырбастаудың қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күнге белгiленген нарықтық бағамы қолданылады.

  Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169