Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi



Ст. 22 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169



1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:

1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;

2) қатысушы банктердiң жарналары;

3) қосылу шарты бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемi;

4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң төленген (төленетiн) кепiлдiк берiлген өтем сомалары бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алынған ақша;

5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;

6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.

2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервiнiң нысаналы мөлшерi қатысушы банктердегi бүкiл кепiлдiк берiлген депозиттер сомасының бес процентiнен кем болмайды.

3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi кепілдік берілген өтемді төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.

 Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...20 21 22 23 24 25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169