Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Газ және газбен жабдықтау туралы

Газ және газбен жабдықтау туралы
18-бап. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу



Ст. 18 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV



1. Газ желісі ұйымдары газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес уәкілетті органда аккредиттеуге жатады.

2. Аккредиттеу аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.

3. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды, мерзімі белгіленбеген, иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.

4. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай:

1) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен қайтарған;

2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иелену тоқтатылған;

3) заңды тұлға таратылған немесе ол бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылған;

4) аккредиттеу туралы куәліктен айырған жағдайларда жүзеге асырылады.

5. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV