Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Газ және газбен жабдықтау туралы

Газ және газбен жабдықтау туралы
32-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы



Ст. 32 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV



1. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болғызбау, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында оларға іргелес жатқан аумақтарда күзет аймақтары белгіленеді. Бірыңғай техникалық дәліз үшін бір күзет аймағы белгіленеді.

2. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарының шекаралары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес белгіленеді.

3. Газбен жабдықтау жүйелері объектісінің күзет аймағында газбен жабдықтау жүйелерінің объектісін пайдаланатын ұйым беретін жазбаша рұқсатсыз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды орналастыруға, материалдарды қоймаға жинауға, қоршаулар мен дуалдар соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.

4. Газбен жабдықтау жүйелері объектісін пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсатынсыз шаруашылық қызметті жүргізетін тұлғалар күзет аймағындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
  

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...30 31 32 33 34 35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV