Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Геодезия және картография туралы
12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры



Ст. 12 Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған және жалпымемлекеттік салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсiрiлiм, гравиметриялық материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады.

Ведомстволық картографиялық-геодезиялық қорлар арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, гравиметриялық және аэроғарыштық түсiрiлiмдiк материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады және тиiстi орталық атқарушы органдардың қарамағында болады. 

2. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор уәкiлеттi органның қарамағында болады.

Қорғаныс министрлiгiнiң Картографиялық-геодезиялық қоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағында болады. 

3. Белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталады. 

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары мемлекеттiк меншiкте болады және оларды иеліктен шығаруға, сондай-ақ басқа мемлекетте тұрақты сақтауға әкетуге болмайды. 

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

Ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережелерiн және оларға енгiзiлетiн материалдар мен деректер тiзбесiн уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тиiстi орталық атқарушы органдар бекiтедi. 

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi (көшiрмелердi) жасауға, сақтауға және жеткiзiп беруге, сондай-ақ аталған материалдар мен деректердi iрiктеу және олардың көшiрмелерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi көрсетуге жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады. Мемлекеттiк органдарға аталған қызметтер тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен картографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргiзу мақсатында Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi iрiктеу, олардың көшiрмелерiн әзiрлеу, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге ғана жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады.

Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн алынған қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджетке жiберiледi. 

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң көздерi болып табылатын құжаттарына қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

8. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

9. Геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерi жасаған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердiң көшiрмелерiнiң бiр данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, тегiн беруге мiндеттi. 

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының картографиялық және геодезиялық өнiмiн пайдаланушылар алынған материалдар мен деректердiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде қайтаруға, аталған материалдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332