Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Геодезия және картография туралы

Геодезия және картография туралы
16-бап. Мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiн қорғау



Ст. 16 Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332



1. Мемлекеттiк геодезиялық желiнiң геодезиялық пункттерi (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлiк және гравиметриялық пункттер, жер бетiндегi белгiлер мен осы пункттердiң орталығы), сондай-ақ арнаулы геодезиялық желiлер пункттерi (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгiлер, бағдарлық пункттер) мемлекеттiк меншiк болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру)  уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жүргiзiледi. 

2. Жер учаскелерiн оларға геодезиялық пункттердi орналастыру үшiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар: 

1) геодезиялық пункттердiң бүлiнген немесе жойылған барлық жағдайлары туралы уәкiлеттi органға хабарлауға; 

2) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi. 

4. Геодезиялық, нивелирлiк пункттердi жою немесе бүлдiру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. 

5. Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді.

 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...14 15 16 17 18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332