Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Геодезия және картография туралы

Геодезия және картография туралы
7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар



Ст. 7-1 Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332



 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерде:

1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не зауыттық нөмірі көрсетілген, салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың;

2) штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы міндетті.

 Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...6 7 7-1 8 9 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-1-бап Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332