Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Геодезия және картография туралы
7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама

Ст. 7 Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық қызметтің мынадай түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бойынша жүзеге асырылады:

1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;

2) картографиялық жұмыстарды жүргізу.

2. Осы Заңның 7-1-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар хабарламаға қоса беріледі.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 7‑1 8 ...18

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332