Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 17 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339



1. Қару пайдаланушылардың:  

1) өздеріне берілген құқыққа сәйкес қару сақтауға, сақтау мен алып жүруге;  

2) қаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша пайдалануға құқығы бар.  

2. Қару пайдаланушылар:  

1) қаруды арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;  

2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;  

3) пайдаланылып жүрген қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;  

4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтауға мiндеттi.  

3. Қару пайдаланушылар - заңды тұлғалар заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге міндетті.  

4. Қаруды пайдаланушы жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында оларды қарап тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге;

2) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге міндетті.

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 N 209; 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339