Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау



Ст. 22 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339




1. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен осы қызмет түріне лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауға лицензияны қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға ғана береді.  

2. Қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды жүзеге асыратын ұйымдар:  

1) сатылатын қаруға сәйкестілік сертификатына ие болуға;  

2) иемденіп алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;  

3) иемденіп алуға лицензия талап етілмейтін қаруды қоспағанда, сатып алушыдан (заңды тұлғадан) қарудың сол түрін сатып алуға лицензиясын көрсетуді талап етуге;  

4) сатып алушының лицензиясында немесе рұқсатында тіркелуге тиіс, сатылатын азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуге, сондай-ақ  аңшы куәлігінде аңшылық суық қаруды тіркеуге;  

5) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарына сатылған қызметтік және азаматтық қару мен оның сатып алушылары туралы ай сайын мәлімет беріп отыруға;  

6) олардың сақталуын және сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;  

7) сатылған қызметтік және азаматтық қарудан атылған оқтар мен гильзаларды мемлекеттік оқ-гильза қоймасына табыс етуге;  

8) қызметкерлердің қару айналымы туралы заңдарды білуін қамтамасыз етуге міндетті.  

3. Қарудың аталған түрін иеленуге рұқсатын көрсетпеген жеке және заңды тұлғаларға қаруды сатуға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қаруды не азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға тыйым салынады.

Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасау:

1) күзет іс-шараларын жүргізу үшін қажет болатын мерзімге Мемлекеттік күзет қызметінің талап етуі бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс. 

4. Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасаумен айналысатын заңды тұлға, қарудың аталған түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иелену, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау керек-жарақтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иелену, әкелу, әкету және олармен сауда жасау, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға:

1) спорт, аң және балық аулау керек-жарақтары мен аталған қаруға қосалқы бөлшектерді қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуға;

2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), ойын-сауық мекемелерінің, өзге де тауар түрлерімен сауда жасау жүзеге асырылатын сауда объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілерінің, қонақүйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, вокзалдардың, станциялардың, метрополитен желілерінің, порттардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың аумақтарында қару мен оның патрондарын сақтауға және олармен сауда жасауға арналған үй-жайды орналастыруға;

3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына қоюға тыйым салынады. 

5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға берілген лицензия азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату үшін құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейді.  

6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 N 209, 2007.07.27 N 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339