Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Ст. 13 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V



 Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізеді;

3) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады;

4) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V