Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар



Ст. 21 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V



 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыру және оның тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 2. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

 3. Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін жастар ұйымдарының тиімді өзара іс-қимыл жасауы, қызметін үйлестіруді күшейту және одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жүзеге асыратын, уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

4. Орталық атқарушы органдарда үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде жастар ұйымдарын тарта отырып, өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрылуы мүмкін.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V