Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары



Ст. 3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V



 1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:

1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.

3. Мемлекеттік жастар саясаты:

1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;

2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;

3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;

 4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;

5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;

6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.

Статья 1 2 3 4 5 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V