Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
13-бап. Уәкілетті органның меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті



Ст. 13 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



 Уәкілетті орган:

1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы, өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілердің тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;

1-1) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

2) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

3) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектілерін қадағалайды;

4) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік нысандарының құрылымын оңтайландыруға қажеттілікті анықтайды;

5) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады;

6) өз құзыреті шегінде меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

7) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекітеді;

8) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастырады;

9) өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асырады;

10) экономика саласында келеңсіз процестердің алдын алу және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді;

11) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздейді;

12) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тартуға құқылы;

12-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

13) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды таратады;

15) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша, оның ішінде стратегиялық объектілерді иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік етуді жүзеге асырудың заңдылығы мен орындылығы бойынша қорытылған талдамалық жазбалар, даму болжамдарын, ұсыныстар мен ұсынымдары табыс етеді;

17) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстырады;

18) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындармен экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлейді;

19) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық деректер қорын жүргізеді;

20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.11 N 218, 2007.08.07 N 321, 2009.02.12 N 131-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490