Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
15-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті

Ст. 15 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:   

1) уәкілетті органға меншіктің мемлекеттік мониторингінің жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты береді;   

2) уәкілетті органның бастамасы бойынша мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына қатысты ақпаратты жинауға және талдауға қатысу үшін өкілдер жібереді;  

3) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;   

4) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбелерін қалыптастыруға, өзгертуге және (немесе) толықтыруға қатысады;   

5) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен түзету жөнінде, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік нысандарының құрылымын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2009.02.12. N 131-IV Заңымен.  
4-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуді ұйымдастыру
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...22

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490