Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
17-бап. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері



Ст. 17 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер:  

1) мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелері бойынша есептер мен қорытындылардың алдын алу және түпкілікті жасалған тұжырымдамаларымен танысуға;  

2) мониторинг объектілеріне қатысты жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;  

3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың іс-әрекетіне шағым беруге құқығы бар.  

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілер:

1) уәкілетті органға қажетті ақпаратты беруге;
   

2) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын тұлғаларға мониторинг объектілеріне жіберілуін қамтамасыз етуге және осы тұлғалардың іс-әрекетіне кедергі жасамауға міндетті.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490