Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
4-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаттары мен міндеттері



Ст. 4 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



1. Меншіктің мемлекеттік мониторингі меншік қатынастарын реформалаудың бірыңғай мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.   

2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді экономикалық дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.   

3. Мыналар:

1) мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру;   

2) мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлттық экономикаға инвестициялардың құйылуына ықпал ету;   

3) елдің ресурстық-энергетикалық негізін сақтау;   

4) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректері негізінде экономикалық болжамдардың анықтығын, экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету;   

5) әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған макроэкономикалық, салалық және өңірлік жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету;   

6) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректерін экономикалық болжамдардың анықтығын, әлеуметтік-экономикалық саясатты ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету үшін пайдалану;   

7) мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;    

8) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын алу меншіктің мемлекеттік мониторингінің міндеттері болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 5-1 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490