Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



Ст. 3 Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және мыналарды:  

1) жаңа жылдық шырша әшекейлерін қоса алғанда (жасанды шыршалар, оған керек-жарақтар, электрлі гирляндалар), мерекелік ойыншықтарды;  

2) ойын алаңдарында ұжымдық пайдалануға арналған жабдықтар мен жарақтарды;  

3) табыс табу мақсатында қоғамдық орындарда орнатылатын ойыншықтарды;  

4) ойыншық бу двигательдерін, іштен жану двигательдері бар механизмдерді;  

5) мамандарға арналған бес жүзден астам компоненттері бар басқатырғыштарды немесе суреті жоқ басқатырғыштарды;  

6) пневматикалық қаруды, атыс қаруының дәл көшірмесін;  

7) айырсадақтарды, сақпандар мен катапульталарды;  

8) металл ұштары бар нысанаға лақтыруға арналған жебелерді;  

9) балаларға арналған бижутерия бұйымдарын;  

10) ойыншықтарда пайдалану үшін арнайы құрастырылған ұрмалы капсюльдерді қоспағанда, ұрмалы капсюльдерді қамтитын фейерверктерді;  

11) үйдегі тұрмыстық заттарды имитациялайтын, жиырма төрт вольттан жоғары белгіленген кернеуде жұмыс істейтін электр пештері мен басқа да бұйымдарды;  

12) қыздыру элементтері бар, оқу процесінде ересек адамның бақылауымен пайдаланылатын бұйымдарды;  

13) жиырма төрт вольттан жоғары белгіленген кернеуде жұмыс істейтін бейне мониторларға қосылатын бейне ойыншықтарды;  

14) бала емізіктері мен жәй емізіктерді;  

15) ересек коллекционерлерге арналған, егжей-тегжейлі әзірленген, кішірейтілген модельдерді;  

16) спорт жабдықтарын, спорттық және жол (серуендеу) велосипедтерін, үлкен тереңдікте пайдалануға арналған навигациялық жарақтарды;  

17) фольклорлық және сәндік сипаттағы қуыршақтарды және ересек коллекционерлерге арналған басқа да сол сияқты бұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ойыншықтардың барлық түрлеріне қолданылады.  
2-тарау. ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ

Статья 1 2 3 4 5 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306