Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті



Ст. 5 Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;

3) ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

4) қатерлерді бағалау бағдарламасын әзірлеу;

5) ойыншықтардың қауіпсіздігі жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер әзірлеу;

6) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті ойыншықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында тұтыну нарығына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

7) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) техникалық регламенттерді келісу;

2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

3) сәйкестік белгісінің кескінін, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін әзірлеу және бекіту;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасын жүргiзу тәртiбiн бекiту, ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде техникалық регламенттердің талаптарына ойыншықтардың сәйкестігін бақылау жатады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306