Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы

Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы
5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі



Ст. 5 Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немес 1999 жылғы 13 шілде N 414-I



1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.

Бұл ретте жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, жәрдемақы тағайындалады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Жәрдемақыны алуға құқығы бар адам оны тағайындау туралы өтінішті тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – ХҚО) береді.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні жәрдемақылар тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті.

5. Жәрдемақы орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...3 4 5 6 7 8 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немес 1999 жылғы 13 шілде N 414-I