Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы

Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) мемлекеттiк құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепкe алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттiк статистика саласы; 

2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық ақпараттық дерекқоры; 

3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi статистикалық мақсатта пайдалану үшiн уәкiлеттi органға беретiн мәлiметтер; 

4) құжатталған ақпарат - ұсынылған нысанына қарамастан, ақпараттық есепке алу құжатында жазылған қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер; 

5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық) жеткiзушiсi; 

6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау; 

7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң және атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы; 

7-1) "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталы – қылмыстық құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстарға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе; 

8) қылмыстық-құқықтық статистика – қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстылықтың, қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң, атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы; 

9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы; 

10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттiк органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау; 

11) арнайы есепке алу - мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 

12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi - мемлекеттiк құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар; 

14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510