Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы

Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi



Ст. 13 Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510



1. Шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, азаматтығына, дiнге көзқарасына, сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге мүшелiгiне, тұратын жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға арнайы есепке алу объектiсi болуы мүмкiн. 

2. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, өзi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне енгiзу үшiн есепке алынған объектiнiң келiсiмi талап етiлмейдi. 

3. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк орган өзiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде есепке алынған объект туралы мәлiметтердi пайдалануға оның келiсiмi талап етiлмейдi. 

4. Адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, туған жерi, сондай-ақ осы деректердi сол адамның өзгерту фактiсi, бұрынғы деректер сияқты, жеке немесе отбасылық құпия болып табылмайды. Адам заңды жолмен алынған осы, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi арнайы есепкe алу iсiне енгiзуге тыйым салуға нeмece рұқсат етуге құқылы емес.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510