Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
4-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi



Ст. 4 Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510



1. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мiндеттерi:

1) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық принциптер және стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жай-күйi туралы ақпаратпен тиiмдi және жеткiлiктi қамтамасыз ету;

2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн жетiлдiру және дамыту болып табылады.

2. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу:

1) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы;

2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктiлiгi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы;

3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы;

4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510