Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 6 Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510



Мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган: 

1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады; 

2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi; 

3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi; 

4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi; 

5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады; 

6) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң есебiн жүргiзедi; 

7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды; 

9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

11) мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi; 

12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi; 

12-1) бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіреді; 

12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды; 

12-3) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының: 

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, оның мониторингін жүзеге асыру; 

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оны қорғауды қамтамасыз ету; 

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің анықталған кемшіліктеріне жедел ден қоюды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады; 

12-4) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды; 

12-5) "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 

13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510