Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы
14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу



Ст. 14-1 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198




Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.

Хабарламаға заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;

4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары;

5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту:

1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;

2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.

Акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.

 Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...13 14 14-1 15 16 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-1-бап Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198