Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi



Ст. 12 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;  

2) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, акцияларды шығару және орналастыру, облигацияларды орналастыру мен өтеу және бағалы қағаздар шығаруды жою туралы есептердi қарап, бекiтедi және мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi;  

3) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналымға жiберудiң және өтеудiң шарттары мен тәртiбiн, мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбiн айқындайды;  

4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi; 

5) алып тасталды;

6) алып тасталды;

7) алып тасталды;

8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртiбiн айқындайды;  

9) Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 

9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады; 

9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді; 

9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді; 

10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi; 

11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi; 

11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді; 

11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді; 

12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi; 

13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады; 

14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;  

14-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді; 

14-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне қатысты шектеулі шараларды және санкцияларды қолданады; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.07 № 577, 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...10-1 11 12 13 13-1 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474