Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері



Ст. 9-1 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474



РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді. 

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды. 

2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Уәкілетті орган банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы. 

4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 

5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдайды; 

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды; 

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) банкте, инвестициялық портфельді басқарушыда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

4) банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады; 

5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады. 

6. Өкілдің: 

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға; 

2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар. 

7. Өкіл: 

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының табыс етпеуі немесе уақтылы табыс етпеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) уәкілетті органның банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті. 

РҚАО-ның ескертпесі!

8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

8. Өкіл жіберілетін банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы: 

1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге; 

2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 

3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге; 

4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 

5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті. 

9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады. 

Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейінгі бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды. 

Өкіл банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды. 

10. Осы баптың 2 – 9-тармақтарының талаптары уәкілетті органның банктегі және сақтандыру холдингтеріндегі өкіліне қолданылады. 

Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...8 9 9-1 10 10-1 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-1-бап Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474