Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Уәкiлеттi орган осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;  

1-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаттар береді; 

2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;  

3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 

3-1) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді және олардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 

3-3) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні береді; 

3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 

3-5) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді; 

4) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;  

5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 

5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді; 

6) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 

7) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді; 

8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда және шекте, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында аталған қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қызметiн тексередi; 

8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді; 

8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады; 

9) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады; 

9-1) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады; 

10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;  

11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;  

12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды; 

12-1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

12-2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады; 

14) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді; 

15) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерін құру, пайдалану және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді; 

16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігінің салалық орталығының функцияларын жүзеге асырады; 

17) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді; 

18) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп, исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады; 

19) екінші деңгейдегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді сауықтыру жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асырады; 

20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады; 

20-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды, қаржы технологиялары саласындағы бағалаушылар мен мамандарды тарта отырып: 

1) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық жай-күйiн айқындау;  

2) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;  

3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау; 

4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;  

5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу; 

6) қаржылық операцияларды жасау кезінде ақпараттық технологияларға тән тәуекелдерді анықтау және (немесе) алдын алу; 

7) қаржы құралдарының құнын айқындаудың объективтілігін бағалау мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы. 

2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. 

2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда өз өкілінің (бұдан әрі – өкіл) болуына құқылы. 

3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметiне араласуға құқылы емес.  

5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарызды беруі мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай мәліметтерді: 

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының соңғы сатыдағы қарызды ұсыну туралы мәселені қарауы үшін соңғы сатыдағы қарызды берудің орындылығы және банктің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны; 

2) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдауы үшін қолайлы банк активтерін айқындау туралы; 

3) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын және (немесе) қабылданған банк активтерінің ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтерді; 

4) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерді өткізу туралы шешімді қабылдау үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесін ұсынады. 

6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрлерін жүргізу мен қызметке арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банк активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.11 № 562, 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 № 139, 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 9‑1 9‑2 ...17

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться