Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429



 Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

 1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;

 2) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;

 3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;

 4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;

 5) орнын өзгерту – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;

 6) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;

 7) РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;

 9) коньяк спирті – этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;

 10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;

 11) қойма үй-жайлары – тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);

 12) құрамында спирті бар тамақ өнімі – тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;

 13) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;

 14) пластикалық сауыт – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;

 15) сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);

 16) сәйкестендіру – өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;

 17) стационарлық үй-жайлар – сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;

 18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;

 19) таңбалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

 20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;

 21) фирмалық мамандандырылған дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;

 22) ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;

 23) этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.

 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429