Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткiзу

Ст. 12 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Өндіруші: 

1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі; 

2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы. 

1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы. 

2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы. 

3. алып тасталды  

4. Екi немесе одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткiзу жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.  

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.03.2004 N 534, 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 12‑1 13 ...21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429