Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары



Ст. 7 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429



1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.  

2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекітеді.

Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.

3. алып тасталды  

4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады.  

5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;

3) алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады.  

7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады.  

8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

 1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;

 2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі. 

9. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

10-тармақтың осы редакциясы 01.01.2015 бастап 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

10-тармақ 01.01.2016 бастап 01.01.2017 дейін жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

01.01.2017 бастап 7-бапты 10-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.

10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429