Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау



Ст. 8 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429



1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттiк тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс.  

2. Арақтарды және айрықша арақтарды таңбалау оларды әзiрлеуде пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.  

3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс.  

4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс.  

5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрлерiн таңбалау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429