Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы

Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы
16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар



Ст. 16-1 Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66



 1. Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеуші кәсіпорындармен тікелей орнықты байланыстар орнату мақсатында сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар құрылуы мүмкін.

2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым мыналардан:

1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан;

2) шаруа немесе фермер қожалығынан;

3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.

3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген есептік бағаның (құнның) шегінен аспайтын баға бойынша сатып алуды жүзеге асырады.

4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында (әкімдіктерде) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және мұндай өнімді өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданыста болады).

Статья 1 ...15 16 16-1 17 18 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-1-бап Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66