Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау

Ст. 17 Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етудi мемлекеттiк қолдау:  

1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды;  

2) агроөнеркәсіптiк кешен мен аграрлық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және аттестаттауды;  

3) өндiрiске ғылыми әзiрлемелердi тарату мен енгiзудi;  

4) өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорларын сақтауды және дамытуды;  

5) агроөнеркәсiптiк кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн машина-трактор паркiн құруды және технологиялық жабдықты жаңартуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Статья 1 ...16 16‑1 17 18 19 ...21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66