Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары

Ст. 19-1 Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мыналар: 

1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік; 

2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік; 

3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады. 

2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: 

1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау; 

2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі; 

3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау; 

4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады. 

Ескерту. 19-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...18 19 19‑1 19‑2 19‑3 ...21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-1-бап Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66