Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) акциз маркасы - қорғау элементтерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм бiрлiгiне бастырылатын марка; 

1-1) есепке алу-бақылау маркасы - темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн бiрдейлендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз; 

1-2) бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм; 

1-3) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер; 

1-4) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi; 

1-5) орам - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi; 

2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу; 

3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту); 

4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат; 

5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға; 

5-1) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты – темекi өнiмдерiнің орын ауыстыруына бақылау жасауға арналған құжат; 

6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi - стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сай келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы; 

7) темекi өнiмдерi - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкiлiктi тұтынуға арналған, құрамында темекi бар кез келген өнiмдер; 

7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi; 

7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi; 

8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...14 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439