Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 7 Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер

1. Өндiрiс паспортын темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеп, толтырады және уәкiлеттi органға жiбередi. 

2. Өндiрiс паспортында мынадай негiзгi мәлiметтер болуға тиіс:

1) технологиялық жабдықтың негiзгi сипаттамалары көрсетiлген темекi өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық схемасы;

2) сапа бақылауын ұйымдастыру;

3) дайын өнiмнiң қойма үй-жайларының сыйымдылығы;

4) темекi және темекi емес компоненттер шығыстарының нормативтерi, ысырап нормалары. 

3. Өндiрiс паспортындағы мәлiметтер өзгерген жағдайда, темекi өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде аталған өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға құжаттап хабарлауға мiндеттi.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...14

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439