Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері



Ст. 12 Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байл 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126




1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге – 1,39 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.

5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 № 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
3 тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байл 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126