Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері



Ст. 17 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік әріптес:

1) жекеше әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тараптарымен оның талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;

2) өзі конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы болған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының басқару органдарына қатысуға;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша жекеше әріптестің кінәсінен туындаған залалды өтеуді талап етуге;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын жекеше әріптес не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тарапы бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Мемлекеттік әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне құқықтарды жекеше әріптеске беруге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ