Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тиісті өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсыныстар енгізеді; 

3) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады; 

4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді; 

5) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады; 

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады; 

7) алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды; 

9) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді; 

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды; 

12) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді; 

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 26‑1 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться