Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 26 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының мақсаттарын, міндеттерін және қызметінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау; 

2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу; 

3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу; 

4) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау; 

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандарды оқыту; 

7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу. 

Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ