Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары



Ст. 30 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ



Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығару (беру);

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;

4) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту;

6) сервистік қолдау, оның ішінде технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;

8) экспортты ілгерілету;

9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану нысандарында;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады. 
5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ