Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
38-бап. Конкурстық өтінім
Ст. 38 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.
2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді конкурсты ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген оны ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.
3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімі мынадай:
1) әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді бұрын берген;
2) конкурстық өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.
4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
5. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

Добавить комментарий к 38-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ